Индонезияда магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болды
Индонезия жағалауына жақын орналасқан Малуку теңізінде магнитудасы 7,4 балл болатын күшті жер сілкінісі болды.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметіне сәйкес, зілзала ошағы Солтүстік Малуку аралындағы Тернате қаласынан солтүстік-батысқа қарай 126 шақырым қашықтықта, 35 шақырым тереңдікте тіркелген. Жер сілкінісі жақын маңдағы аралдарда қирауларға себеп болған.
Осы табиғи апатқа байланысты цунами болуы мүмкін деген ескерту жарияланған, кейін ол жағдай қайта жойылды.
Құрбандар туралы нақты ақпарат жоқ, алайда қаза тапқандар мен жарақат алғандар болуы мүмкін деген алаңдаушылық бар.