Өзбекстан Президенті Вьетнам вице-президентімен кездесті
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммиті аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Вьетнам Социалистік Республикасының вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесті.
Кездесуде екі ел арасындағы өзара тиімді байланыстарды нығайту және одан әрі кеңейтудің практикалық қырлары қарастырылды.

Кездесу басында Вьетнам делегациясының жетекшісі Өзбекстан басшысына Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, ел Президенті То Ламның сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Тараптар Өзбекстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына атап өтті. Өзара тауар айналымы тұрақты түрде артып, түрлі деңгейлерде жүйелі байланыстар жолға қойылған.

Мұнай-химия, электротехника және тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға кең мүмкіндіктер бар екені атап өтілді.
Сондай-ақ аймақтық және халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды.