Өзбекстан Президенті Бакуге жасаған жұмыс сапарын аяқтады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің Әзербайжан Республикасына жасаған жұмыс сапары аяқталды.
Сапардың алғашқы күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Көшбасшылар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

15 қазан күні Өзбекстан басшысы Баку қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің жетінші саммитіне қатысты. Мемлекет басшысы Азияда сенім инфрақұрылымын қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды, технологиялық сенім мен жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану жөніндегі Азия бастамасын көтерді. Сондай-ақ климаттық тұрақтылық саласындағы ынтымақтастықты жолға қоюдың маңызын атап өтті.
Саммит аясында Қатар Мемлекетінің Әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Сани, Лаос Халық Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулит, Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манет және Вьетнам Социалистік Республикасының вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен жеке кездесулер өтті.

Сонымен қатар саммит аясында басқа делегациялар басшыларымен де әңгімелесті.
Сапар соңында Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда жоғары мәртебелі мейманды Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Шахин Мұстафаев және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды. Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.