Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандық футболшы 10 жылға футболдан шеттетілді
10:35 / 2020-12-10

Өзбекстанның Про-лига чемпионатында «Нефчи» клубында ойнайтын Ж.Туракулов матчта бас төрешіге қасақана зиян келтіргені үшін 10 жыл бойы футболмен байланысты кез-келген қызметтен шеттетілді.

Ферғанадағы «Истиклол» стадионында «Нефтчи» - «Турон» арасындағы Про-Лиганың 20-тур кездесуінде көңілсіз жағдайлар орын алып, ойын соңы тәртіпсіздіктерге жалғасып кеткен болатын.  

Осы жағдайға орай Өзбекстан футбол қауымдастығы (UFA)тиісті тексерістер өткізіп, орыналған оқиғаға байланысты белгіленген тіртіпте шешім шығарды.  

Қабылданған шешімге сәйкес, «Нефтчи» ойыншысы Ж.Туракулов кездесудің бас төреші Ш.Насибуллаевқа қасақана зиян келтіргені үшін UFA Тәртіптік кодексінің 5.6 және 5.49 баптарына сәйкес 10 жыл бойы футболмен байланысты кез-келген қызметтен шеттету жазасына тартылды.

Кездесуден кейін жанкүйерлер футбол алаңында және оған жақын аумақтарда тәртіпсіздіктер туғызғаны, «Нефтчи» футбол клубының басшылары қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша тиісті шараларды қамтамасыз етпегені үшін клуб штабына 3 үй кездесулерін көрерменсіз өткізу және 100 млн сум айыппұл салынды.

Еске сала кетсек бұған дейін Өзбекстандық  үш төрешіге жемқорлық бабымен санкциялар енгізіп, олардың біреуіне 5 жыл бойы футболға қатысты түрлі шараларға қатысуына тыйым салынған еді.