Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда үш футбол төрешісі жемқорлық айыбымен спорттан қуылды

Өзбекстан Футбол қауымдастығы елдегі үш төрешіге санкциялар енгізіп, олардың біреуіне 5 жыл бойы футболға қатысты түрлі шараларға қатысуына тыйым салынған.

Футбол қауымдастығының ресми сайтындағы  хабарламаға сәйкес, Футбол қызметін қадағалау жөніндегі арнайы инспекция Өзбекстан супер лигасы мен Про-лига матчтарында бірқатар жемқорлық жағдайларын, яғни матчқа немесе оның нәтижесіне әсер ету мақсатында келісімдерге қатысқан бірқатар футбол төрешілері анықталған.

Тексеріс нәтижесінде алынған мәліметтердің соңғы қорытындысы бойынша 3 төрешіге қатаң жаза қолданылды.

Мәлімдемеге сай:

  • ФИФА, АФК төрешісі Жасур Мухторов UFA тәртіптік кодексінің 5.44-бабына сәйкес кездесулерге немесе оның нәтижесіне әсер ету мақсатында бірқатар футбол матчтарына қатысқаны үшін  футболға қатысты барлық іс-шаралардан 5 жылға дейін шеттетіліп, 90 миллион сум айыппұл салынды;
  • UFA төрешісі Темур Тухтасинов Тәртіптік кодекстің 5.44-бабына сәйкес бірқатар футбол матчтарына немесе оның нәтижесіне әсер ету мақсатында ойындарға қатысқаны үшін 2021 жылғы футбол маусымында төрешіліктен шеттетіліп, 10 млн сум айыппұл салынды;
  • UFA төрешісі Аскер Нажафалиев төрешілердің футбол қызметін қорғау туралы декларациясына сәйкес UFA-ның Футболды бақылау жөніндегі арнайы инспекциясымен ынтымақтастықта болғанын және АФК Төрешілік академиясында оқып жатқанын және оқу процесінде ең жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын ескеріліп, UFA Тәртіптік кодексінің 5.42-бабы бойынша PFL фактілерін бұрмалауға тырысқаны үшін төрешіліктен 2020 футбол маусымының соңына дейін уақытша шеттетіліп, 70 млн сум айыппұл салынды, делінген хабарламада.