Өзбекстандағы карантинде болған азаматтар өз үйлеріне қайтуда
4-6 ақпан күндері Қытайдың түрлі аймақтарынан Өзбекстан азаматтары эвакуацияланып арнайы карантинді аймаққа орналастырылған еді
4-6 ақпан күндері Қытайдан арнайы чартер рейстер арқылы алып келінген азаматтар осыған дейін 14 күндік карантиндік бақылау үшін арнайы орталыққа орналастырылған болатын.
Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қытайдан арнайы эвакуацияланған алғашқы азаматтардың 14 күн карантиндік бақылау процесі аяқталғанын мәлімдеп 584 азаматтың өз үйіне қайтуға рұқсат берілген. Олардың 459-ы ер азаматтар болса, 125-і қыз-келіншектер. Екі апталық бақылау кезеңі аясында бүгінде үйіне қайтуға рұқсат алған азаматтарда коронавирстың ешқандай белгілері анықталмаған.


Қазірде кейінгі рейстермен келген азаматтардың вирусқа қарсы күрес бақылау мерзімі жуық арада аяқталатыны жайлы айтылып, олардың бүгінге дейінгі тексерістері кезінде қауіпті індеттің әсері жоқ екені айтылған.