ӨзА Қазақ

08.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Карантинді аймақ: Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан келген азаматтарды қалай бақылауда

Карантинді аймақ: Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан келген азаматтарды қалай бақылауда

Коронавирустың тарауына тосқауыл болу үшін қазір бүкіл әлемде оған қарсы тұратын түрлі әрекеттер жасалуда. Жер бетіндегі тіршілік атаулыға қауіп төндірген бұл індеттің тараған қайнар ошағында болған шетелдіктерде өз еліне қайтқан соң ондағы мамандар Дүниежүзілік десаулық сақтау ұйымының берген тапсырмасына орай арнайы орталыққа жатқызылып қатаң бақылауға алынған. Өйткені бұл вирустың жаңа түрі адам ағзасында 14 күн бойы жасырын өмір сүреді екен. Міне сол кезеңді күзету мақсатында жер бетіндегі дерлік барша мемлекет өз халқының амандығы үшін осындай әрекетке баруда. Олар арасында Өзбекстанның Қытайдан келген азаматтары да дәл қазіргі кезде осы сынды карнтинді аймақта күн кешуде. Бұл ақпарат жайлы Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі бақылау аймағындағы азаматтарға жасалған жағдай жайлы толықтай мәлімет беріп, олардың күнделікті тіршілігін бейнелеген суреттермен бөліскен.