English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Корея университетінің филиалы ашылады
11:44 / 2020-02-29

1946 жыл негізі қаланған атаулы университеті Сеул қаласындағы жеке университеттер арасында 7 орында


Биыл Өзбекстанда жергілікті және мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде 18 білім ордасы ашылуы жоспраланған.

Жуырда ғана Президент Шавкат Мирзияевтің Түркияға жасаған сапары аясында Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Түркия Экономика және технологиялар университеті Ташкентте осы университеттің филиалын ашу туралы меморандумға қол қойған болатын.

Осы жылдағы білім саласындағы реформалық өзгерістер мен шетелдік үздік ЖОО-ның Өзбекстанда филиялын ашу жоспарына сай Жоғары және арнайы орта білім министрі И.Мажидов, Оңтүстік Кореяның «Кукмин» университеті вице-президенті О Сеонг Хоны қабылдап осы білім ордасының филиялын Ташкент облысындағы Ангрен қаласында ашу туралы алғашқы келісім жасасты. 

Ашылуы жоспарланған бұл оқу ордасында инженерлік, электронды инженерия және информатика, ақпараттық қауіпсіздік, сәулет, дизайн және бизнесті басқару сынды қазіргі заман табалына сай бағыттарда білім беру көзделген.

1946 жыл негізі қаланған «Кукмин» университеті Сеул қаласындағы жеке университеттер арасында 7 орында болып, құрамында 15 факультет бар. Әлемдегі 50 елдің беделді 300-ден астам университеттерімен ынтымақтастықта келісіммен білім алмасу ауқымы кең болып табылады.