ӨзА Қазақ

21.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте Түркия экономика және технология университетінің филиалы ашылады

Ташкентте Түркия экономика және технология университетінің филиалы ашылады

Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Түркия Экономика және технологиялар университеті Ташкентте осы университеттің филиалын ашу туралы меморандумға қол қойды.

Осы маңызды жаңдай Мемлекет басышсының Түркияға жасаған сапары аясында орын алып онда екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар туралы бірқатар келісімдерге де қол қойылды. Ташкентте ашылуы жоспарланған осы университет филиалы «дуалды» білім беру жүйесі негізінде бизнес және кәсіпкерлік саласында мамандар даярлайтын болады. 

Бұл жүйеде оқыту алғаш рет Германияда пайда болған. Оның артықшылығы студенттер уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқи алуында және уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.

Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты: техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке қабілетті, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

11 354
ӨзА