Өзбекстанда АИ-80 маркалы жанармай өндірісі тоқтайды
1 мамырдан бастап АИ-80 маркалы бензиннің бағасы бөлшек саудадағы мемлекеттік реттеуден алынып, тек биржалық сауда арқылы сатыла бастаған еді
Өзбекстандағы барлық мұнай өңдеу зауыттары АИ-80 маркалы бензинін шығарудан толығымен бас тартып, оның орнына Еуро-5 стандартына толық жауап беретін жанармай өндірісіне көшеді.
Бұл жөнінде «Узбекнефтегаз» АҚ басқарма төрағасы Бұхарадағы мұнай өңдеу зауытында болған мамандармен әнгімелесу кезінде зауытты жаңғырту және қайта құру инвестициялық жобасын жүзеге асыру арқылы, мұнда жоғары сапалы АИ-91, АИ-93, АИ-95 маркалы жанармай өндірісін жолға қойып, Еуро-5 стандартына толық жауап беретін дизел отынын өндірісіне көшетінін айтқан.
Бұған дейін 1 мамырдан бастап АИ-80 маркалы бензиннің бағасы бөлшек саудадағы мемлекеттік реттеуден алынып, тек биржалық сауда арқылы 4 мың сумнан сатыла бастаған еді.