ӨзА Қазақ

21.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда жанармайдың зауыттық бағасы қанша?

Өзбекстанда жанармайдың зауыттық бағасы қанша?

Өзбекстанда жанармайдық зауыттан шығар бағасы 21 мамырдан бастап 3000 сумнан сатыла бастады.

«Узбекнефтегаз» АҚ қарасты компания «Пахта Нефтбазасы» ЖШС 2020 жылдың 21 мамырынан бастап мұнай өнімдерін сатудың жаңа бағасын жариялады. Онда оның Бұхарадағы мұнайды қайта өңдеу зауытында өндірілген Ai-80 маркалы бензиннің 1 литрінің бағасы 3000 сум, ал Ai-95 маркалы бензиннің бағасы - 5884 сум боп белгіленген.

Өз кезегінде «Пахта Нефтбазасы» аталған маркалары бензинді жанармай құю бекеттеріне көтерме бағамен сатады. Ал, оны сатып алатын жеке компаниялар көлік пен басқа шығындарды ескере отырып, бағаны өздері белгілейді.

2020 жыл 1 мамырдан бастап Ai-80 маркалы бензин мен дизель отынының (ЭКО дизель отынының) бөлшек сауда бағасы мемлекеттік реттеуден алынып, тек биржалық сауда арқылы сатылатыны жөнінде Президенттің қаулысы қабылданған болатын. Осы қаулыға байланысты 3 мамырдан бастап ел аумағындағы жанармай бекеттерінде Ai-80 маркалы бензин бағасы 4000 мың сумнан сатыла бастады. 1 наурыздан бастап Ai-92 маркалы бензин бағасы 6200 сумнан 6000 сумға түскен еді.

5 502
ӨзА