Өзбекстан СІМ басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысымен кездесу өткізді
Майк Помпеоның Өзбекстандағы ресми сапары аясында Президент Шавкат Мирзияевпен кездесуіде жоспарланған
Өзбекстанға ресми сапармен келген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Пампео бүгін Ташкентте Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Комилов пен кездесу өткізіп, екі жақтық қарым-қатнастың жәй-күйі мен перспективалары және аймақтық жағдай туралы пікір алмасты.
Екі сағатқа созылған жабық есіктер артындағы өткен кездесуден соң БАҚ өкілдерінің сөзіне құлақ түрген Өзбекстан СІМ басшысы Абдулазиз Комилов «Қазірде Өзбекстан мен АҚ-тың ынтымақтастығы өзінің шарықтау шегінде тұр. Байланыс тұрақты әрі күткен қарқынмен дамуда», деп мәлімдеме жасаған.
Екі елдің делегациясы арасындағы кездесу шағында сауда байланыстары соңғы екі жылда екі есеге өскені жайлы айтылып, тараптар көп жақты ынтымақтастықты жалғастыруға ынталы екенін жеткізген. Сонымен қатар қос елдің СІМ басшылары екі ел арасындағы «келеңсіз жағдайларды» шешу үстінде бірлесе жұмыс жасауды мақұлдасқан.
Еске сала кетсек, Ташкентте Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері мен Майк Пампеоның қатысуында «Орталық Азия – АҚШ» («C5+1») форматындағы кездесу өтеді. АҚШ Мемлекеттік хатшысының Өзбекстандағы ресми сапары аясында Президент Шавкат Мирзияевпен кездесуіде жоспарланған.