Ташкентте «Орталық Азия – АҚШ» («C5+1») форматындағы министрлер кездесуі өтеді
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Пампео Ташкентке ресми сапармен келді
2 қаңтар күні Өзбекстанға ресми сапармен келген Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы Майк Пампеоны Ташкенттегі Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайынан Өзбекстан Республикасының СІМ басшысы Абдулазиз Камилов пен АҚШ-тың Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм және өзге де ресми тұлғалар қарсы алды.
АҚШ мемлекеттік хатшысының Ташкентке ресми сапарына байланысты бүгін Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері мен Майк Пампеоның қатысуында «Орталық Азия – АҚШ» («C5+1») форматындағы кездесу өтеді.
Өзбекстан СІМ-нің хабарлауынша, кездесуде Сыртқы істер министрлері Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайтын болады.