Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Әзірбайжан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды
15:53 / 2019-10-30

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің кезектегі отырысы өтеді.


Кеше ғана Өзбекстанның Қорғаныс министрі, генерал-майор Баходир Қурбанов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Әзірбайжанға сапармен барғанын хабарлаған едік.

ТМД елдерінің қорғаныс министрлері кеңесінің аясында генерал-майор Баходир Қурбанов Әзірбайжан Қорғаныс министрі Закир гасановпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Өзбекстан мен Әзірбайжан қорғаныс министрліктерінің басшылары екі қорғаныс министрліктері арасында 2020 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Бүгін, Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің кезектегі отырысы өтеді.

Қорғаныс министрлігі Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаментінің хабары.