ӨзА Қазақ

29.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Әзірбайжанда ертең ТМД елдерінің қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді

Әзірбайжанда ертең ТМД елдерінің қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді

Өзбекстанның Қорғаныс министрі, генерал-майор Баходир Қурбанов бүгін Әзірбайжанға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін ұшып кетті.

Қорғаныс министрлігі Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаментінің хабарлауынша, ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы аясында, Өзбекстан мен Әзірбайжан қорғаныс ведомстволарының басшыларының қатысуымен екіжақты кездесу өткізу жоспарланған. Кездесу барысында әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағы талқыланып, Өзбекстан мен Әзірбайжан қорғаныс министрліктері арасында әскери ынтымақтастық жоспарының жобасына қол қояды деп күтілуде.

ТМД елдерінің қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы ертең 30 қазан күні Баку қаласында өтеді. Іс-шараға Ресей Федерациясы, Армения, Беларусь, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Республикасының қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.

5 265
ӨзА