Өзбекстан мен Қазақстан арасында теміржол қатынасын қалпына келтіреді
2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Өзбекстан мен Қазақстан арасында теміржол қатынасын кезең-кезеңімен қалпына келтіреді.
«Өзбекстан темір жолдары» мен «Қазақстан темір жолдары» акционерлік қоғамы келісе отырып, Қазақстанға алғашқы жолаушылар пойызы қатынасын ұйымдастырады. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап 647/648 «Нөкіс-Бейнеу-Нөкіс» бағытында пойыз қатнауы жолға қойылады, делінген «Өзбекстан темір жолдары» АҚ баспасөз қызметінің хабарында.
Атаулы пойыз Нөкіс станциясынан аптаның әр сейсенбі, жұма және жексенбі күндері, ал Бейнеу станциясынан әр дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері қатнайды.
Басқа көрші елдермен теміржол бағыттарын қалпына келтіру жұмыстары тараптардың келісімі бойынша кезең-кезеңімен ашылады деп күтілуде.
Еске салар болсақ, бұған дейін 16 наурызда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы халықаралық автобус қатнауы жолға қойылды.