2022 жылдың 16 наурызынан бастап Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы автобус қатынасы қалпына келтіріледі.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тұрақты халықаралық автобус бағыттары қалпына келтіріледі.
Осыған орай, 2022 жылдың 16 наурызынан бастап Ташкент – Нұр-Сұлтан, Ташкент – Алматы, Ташкент – Қызылорда, Ташкент – Түркістан, Ташкент – Іргелі, Шыршық – Шымкент, Шыршық – Алматы бағыттары бойынша тұрақты халықаралық автобус бағыттарын орындау жоспарланған.
Еске салар болсақ, коронавирустық пандемияға байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы халықаралық автобус қатынасы 2020 жылдың 16 наурызында тоқтатылған еді.