Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мектептерінде жылдың қорытынды емтихандары өтпейді
10:03 / 2020-05-20

Биыл мектеп бітіруші түлектерге электронды аттестат табысталады


Білім министрлігі Өзбекстандағы мектептерде жылдың соңғы қорытынды немесе бітіруші сыныптар емтиханы алынбайтыны туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Білім министрі Шерзод Шерматов өз «Telegram» каналында мәлімдеді.

Карантин кезеңінде, тұрғындар үшін мүмкіндігінше қосымша ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін және көптеген ата-аналардың өтініштерін ескере отырып, биылғы оқу жылының соңындағы қорытынды емтихандар өтпейтін болды.

Осыған байланысты мектептерде оқушылардың жылдық бағасын шығаруда оқу жылының 3 ширектік бағалар негізінде қою ұсынылады. Сонымен қатар, ' kundalik.com' жүйесі енгізілген мектептердегі карантин кезінде жақсы оқып көзге түскен оқушылар үшін ынталандыру ретінде 4-тоқсандағы жоғары баға қою ғана емес, сонымен қатар жылдық бағаларды да ескеру ұсынылады.

Карантин кезінде балаларымен «онлайн мектеп» арқылы сабақ дайындаған барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!», дегелінген хабарламада.

Еске сала кетсек, биылғы оқу жылының түлектері мектеп бітіргендік жөніндегі аттестаттың алдымен электронды нұсқасын алатын болады. Карантин шектеулері толықтай жойылғаннан кейін оларға қағаз жүзіндегі құжат табысталады.