Биыл мектеп бітіруші түлектерге электронды аттестат табысталады
Биылғы оқу жылы карантинге байланысты онлайн режимінде аяқталады
Өзбекстанда карантиндік шектеулердің белгілі талаптары сақталып мерзімінің ұзартылуына байланысты 11 сынып оқушылары мектеп бітіргендік аттестаттың әуелі элетронды нұсқасын алатын болады.
Білім министірлігінің хабарлауынша 2019/20 оқу жылының мектеп бітірушілері мемлекеттік үлгідегі аттестаттың әуелі электрондық нұстасын алатын болыды. Өйткені карантиндік шектеулерге байланысты бұл құжаттың қағаз жүзіндегі нұсқасын түлектерге табыстаудың мүмкіндігі жоқ. Сондықтан әрбір оқушыға тиісті аттестат карантин аяқталғанша білім мекемелерінде сақталады.
Еске салайық, биылғы оқу жылы карантинге байланысты онлайн режимінде аяқталады. Бірақ мектеп қабырғасындағы емтиханды тапсыруға байланысты нақты жоспар бекітілмеген.