Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздерді бастайды
Өзбекстан ДСҰ-на мүше болса, Еуро Одақ арнайы 5 млн долларлық грант беруге келісім берген және GSP+ бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам тауарды баж салығынсыз импорттауға көмектеседі
Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу жөнінде біраз оң қадамдар жасап үлгерді. Осы орайда Өзбекстанның ұйымға мүше болуына бірнеше халықаралық одақ тарапыда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізген.
ДСҰ-ға қосылу жөніндегі келіссөздерді Өзбекстан тарапы 2020 жылдың 7 шілдесінде бірлескен жұмыс тобының отырысын бастайды. Пандемияға байланысты кездесулер бейнебайланыс түрінде өтеді, деп хабарлады Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік хабарында айтылуынша Өзбекстанның ДСҰ-ға кіру процесі «маңызды міндет болып табылады және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты көптеген мәселелерді жедел шешуді талап етеді».
Бұған дейін Өзбекстан ДСҰ-на мүше болса, Еуро Одақ арнайы 5 млн долларлық грант беруге келісім берген және GSP+ бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам тауарды баж салығынсыз импорттауға көмектеседі. Ал, ЕО-дан бөлінген 5 млн доллар қаржы Арал теңізі аймағындағы жобаларды іске асыруға жұмылдырылатыны белгіленген.