АҚШ Сауда өкілдігінің кеңсесі Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруіне көмектеспек
Өзбекстан ДСҰ-на мүше болса, Еуро Одақ арнайы 5 млн долларлық грант беруге келісім берген
АҚШ Сауда өкілдігінің кеңсесі Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне көмектеспек. Бұл тұрғыда Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінде өткен бейнебайланыс кезінде талқыланды.
Министрліктің хабарлауынша АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азиядағы сауда өкілі К.Уилсонмен бейнеконференциялы байланыс арқылы сөйлескен, онда Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болу аясындағы екіжақты ынтымақтастықты талқыланған. Осы байланыс аясында К. Уилсон Өзбекстан үкіметінің ДСҰ-ға кіруі аясында қабылдаған шараларын жоғары бағалап, Америка тараптың бұл процесте Өзбекстанға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін жетгізген және қазіргі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, қолға алған бұл бастамаларды жеделдету қажеттілігіне баса назар аудару керектігін айтқан.
Сондай-ақ, әлемдік пандемияға байланысты сәуір айының соңында өтуі жоспарланған Женевадағы ДСҰ-ның кезекті шарасы тоқтатылуына орай Өзбекстанның ұйымға мүше болуға қаратылған дайындығын одан әрмен пысықтауға тағы бір мүмкіндік болғаны жайлы пікірлер айтылған.