Қытайдың АҚШ-қа қарсы санкциялары өз күшіне енді
АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайдың 400 млрд долларлық тауарларына салық мөлшерін асырғаннан кейін Қытай үкіметіде қарап қалмады.
АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайдың 400 млрд долларлық тауарларына салық мөлшерін асырғаннан кейін Қытай үкіметіде қарап қалмады. Оларда Американың 60 млрд долларлық тауарына қарсы салық мөлшерін 10 пайыздан 25,2 пайызға көтеруі жайында мәлімдеме жасады.
Осы мәлімдеме бүгін 1 маусым сағат 00:00 ден бастап өз күшіне енді. Хабарда айтылуынша, АҚШтың 2493 түрдегі тауарына салықтар 25 пайызға дейін, 1078 түрдегі тауарына салықтар 20 пайызға дейін асырылған. Сондай-ақ кедендік баж салығы 947 түрдегі тауарына10 пайызға, 595 түрдегі тауарына 5 пайызға дейін асқан.
АҚШтың қытайға салған кедендік салығы өткен айдың алғашқы он күндігінде енген еді. Тіпті Қытайдың «Huawei» компаниясын да қара тізімге енгізді. Бұл компания үшін өте үлкен залал әкелді.
Осындай екі жақтық келіспеушіліктер арқасында екі ел азаматтары арасындада келіспеушілік жайыттары келіп шықты. Бірі Американың «McDonald's», «iPhone» сынды брэнд тауарларынан баз кешсе, енді бірі Қытайдың түрлі күнделікті тұрмысқа қажет тауарларын алудан бас тартқан.