ӨзА Қазақ

14.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы күшейе түсті

Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы күшейе түсті

Қазірде екі ел арасындағы сауда қақтығысы күшейе түскені Қытай үкіметінің соңғы шешімінен-ақ байқалады.

Қытай үкіметі өз тауарларына АҚШ тарапынан салынған баж салықтарына байланысты жауап ретінде АҚШтың түрлі тауарларына кедендік салықтарын 25,2 пайыздық мөлшерде көтергендігін мәлімдеді. 

Бұл мәлімдеме 1 маусымнан өз күшіне енеді. Бұл арқылы Қытай үкіметі Америка экономикасына 60 млрд доллар көлемінде зиян келтіретін болады. 

Еске сала кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп 10 мамырдан бастап Қытайдың 200 млрд доллар құнына тең тауарына салықтарды 10 пайыздан 25 пайызға дейін салатындығы жайында айтқан. 

Трамп салықтарды салудағы мақсатын, сауда-саттықтағы теңдікті орнату үшін жасалып отырған әрекет ретінде көрсеткен болатын. 

11 766
ӨзА