Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайда коронавирустан 1000-нан астам адам қаза тапты
10:51 / 2020-02-11

Қытай үкіметі атаулы вирусқа қарсы 10 млрд-тан астам қаражат жұмсағанмен адам өлімі сәт сайын артып келеді


Қытай үкіметі атаулы вирусқа қарсы 10 млрд-тан астам қаражат жұмсағанмен адам өлімі сәт сайын артып келеді.

Кешегі датада тіркелген адам өлімі 97 болған болса, бүгінгі қаза тапқандар саны 107-ге жеткен. Мұның 103-і Хубэй провинциясында тіркелген. Сонымен қоса ауруды жұқтырғандар бір тәулікте 2478 жанға артып жалпы 43 мыңға жуықтаған. 37 мыңнан астам азаматтар ауруханада ем алуда. Олардың 7333-нің жағдайы ауыр. Вирустан айыққандар саны 4 мыңға жақындады,- деп хабарлайды Қытай үкіметі.

Аурулар арасында 27 шетелдік азамат болып, оның үшеуі қазір коронавирустан айығып емханадан шыққан. Екі азамат ауыр жағдайда қайтыс болған. Соңғы мәлімет бойынша қазірге дейін жалпы 1016 жан қаза тапты.