Коронавирустан қаза тапқандар саны 900-ден асты
Қытай үкіметі коронавирусқа қарсы күрес үшін 10 миллиард доллардан стам қаражат жұмсауда
Қытайдың денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дерегі бойынша коронавирустан Қытайда бір күнгі адам өлімі 97-ге жетіп, ең көп көрсеткішті өлім күні боп тіркелген. Жалпы қаза болғандар саны 908. Ауруды жұқтырғандар 40171 жетіп, бұлардың 35 982 ем қабылдауда. 3 мыңнан астам азамат дерттен айыққан. Бұдан сырттай 187 мыңнан астам адам осы індетті жұқтырған деген күдікке іліккен.
Жер бетіндегі тіршілік иесіне қауіп төндірген тәжівирусының ауқымы сәт санап асқынып жатқан бір кезде Қытайда құс тұмауы қатар өршіп келеді. Бірақ қазірге бұл дерттен адам баласы ауырғандығы туралы жағдай байқалмаған. Алайда құс тұмауы коронавирустың қайнар көзі саналушы Хубэй провинциясының оңтүстігінде анықталған болып, ондағы фермада 2497 құстан 1840 тұмау салдарынан өлген.
Қытай үкіметі коронавирусқа қарсы күрес үшін 10 миллиард доллардан стам қаражат жұмсаған.