Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Трамп пен Ердоған Вашингтонда кездеседі
16:02 / 2019-11-07

Бұл жөнінде екі мемлекет басшылары телефон арқылы сұхбат шағында келіскен.


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 13 қарашада Вашингтонға АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге барады.

Бұл жөнінде екі мемлекет басшылары телефон арқылы сұхбат шағында келіскен.

АҚШ президенті телефондағы болған әңгіменің жақсы өткенін және ең алдымен «ол кеше ғана қаза болған террористік ұйым басшысына (әл-Бағдади) қатысы бар бірнеше адамның ұсталғанын айтты. Мен оны келесі аптада Вашингтонда күтетін боламын, -деп жазған өзінің Twitter парақшасында.

Осыған дейін, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, АҚШ әскери күштерін Түркия террорист деп санайтын күрд күштерімен патрульдік жүргізді деп айыптап, Сириға байланысты өз міндеттемелерін орындамауда айыптаған еді.