ӨзА Қазақ

28.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Дональд Трамп жиһадшыл топтың басшысы әл-Бағдатидың өлгенін жариялады

Дональд Трамп жиһадшыл топтың басшысы  әл-Бағдатидың өлгенін жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп, АҚШ әскерлері өткізген арнайы операцияда өздерін Ислам мемлекеті деп атаған террористік ұйымының жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдадидің өлгенін мәлімдеген.


Ақ үй иесі өзінің маңызды мәлімдемесінде «әл-Бағдатидың өлімі себепті енді әлемде әділет орайды. Ол иттей қашып бара жатып өлім құшты» -деген. Оның айтуынша әл-Бағдатидың өлгенін тіпті медициналық экспертиза нәтижелеріде растаған. 

Трамп мәлімдемесі соңында осы операцияда қатысқан барлық әскери қызметкерлерге алғысын білдіріп, солар қатарында АҚШ әскери күштеріне, Ресейге, Түркияға, Иракқа, Сирияға және күрд әскери топтарына алғыс айтқан. 

6 522
ӨзА