Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токио Олимпиадасына алғашқы спортшылар келді
11:45 / 2021-06-01

Австралияның софтбол әйелдер командасы Жапонияға Токио Олимпиадасының алдында оқу-жаттығу жиынына келді. Олар күн шығыс еліне келген алғашқы олимпиадашылар.

Киодо жаңалықтары агенттігінің хабарлауынша, Австралиялық спортшылар мен 30 адамнан тұратын команданың басқа мүшелері коронавирусқа қарсы алдын-ала вакцинациядан өтті. Шетелден келген спортшыларға енгізілген талап бойынша қонақ үйде үш күн болады, содан кейін олар 5 маусымнан бастап жаттығуларға кіріседі. Спортшылар орналасатын база Гумма орталық префектурасындағы Ота қаласында орналасқан. 

Сәуір айында Токио Олимпиадасының ұйымдастырушылары спортшылар және олармен байланыста болғандарды коронавирусқа күнделікті тексеруден өткізу туралы келісімге келді. Қалған олимпиадашылар күн сайын Жапонияға келгеннен кейін 3 күн бойы тест тапсырады. 

Бұған дейін, Токио Олимпиадасының ресми серіктесі саналатын жапондық «Asahi Shimbun» газеті коронавирус пандемиясы қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, елдің медициналық жүйесіне ауыртпалық салатыны жайлы айтып, Олимпиада ойындарын тоқтатуға шақырған болатын.