Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токио-2020 Олимпиадасының ресми серіктесі ойындарды тоқтатуға шақырды

Токио Олимпиадасының ресми серіктесі саналатын жапондық «Asahi Shimbun» газеті коронавирус пандемиясы қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, елдің медициналық жүйесіне ауыртпалық салатыны жайлы айтып, Олимпиада ойындарын тоқтатуға шақырды.

«Біз Жапония премьер-министрі (Ёсихидэ) Сугадан жағдайды объективті бағалауын және ойындарды болдырмау туралы шешім қабылдауын сұраймыз», - делінген редакциялық мақалада.

Бірнеше сауалнамаға сәйкес, жапондықтардың көпшілігі Токио Олимпиадасынан бас тартуды немесе кейінге қалдыруды қолдады және медициналық қауымдастық та ойындарға наразылық білдірді. Қазіргі уақытта Олимпиаданы өткізетін Жапониядағы префектуралардың көпшілігі, оның ішінде Токио да төтенше режимде.

Номура ғылыми-зерттеу институты жасаған статистикаға сай, коронавирустық пандемияға байланысты Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындары өтпейтін болса Жапонияға шамамен 1,81 триллион иенаға (17 млрд доллар) шығын әкеледі. 

Өткен аптада Токио олимпиадалық үйлестіру комиссиясының басшысы Джон Коутс пандемияға байланысты бір жылға шегерілген ойындар Жапонияда төтенше жағдай болғанына қарамастан 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді деп мәлімдеді.