Тілсіз жау құрсауында қалған адамзат және жабайы табиғат пен хайуанат әлемі
ФОТО
Австарлияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында осыдан тура екі айдай алдын бастау алған тілсіз жау қазіргі күнге келіп елдің дерлік 40 пайыз аумағын шарпығанын, кешегі НАСА ғарыштан түсірген 3Д суретінен аңғару қиын емес. Қызыл жалынның от алуына елдегі климаттың жылдағыдан аса ыстық әрі өте құрғақ келуі себеп болып, 6 миллондай гектар аумақ отқа оранған. Қызыл жалынның құрсауында қалған күллі адамзат және жабайы табиғат пен хайуанат әлемі оңалмастай қазаға тап болуда. Бүкіл материкте от алған 200ге жуық өрт ошақтарын сөндіру қазірге мүмкін болмай тұрғаны 500 миллондай жануар мен 25 адам қазасына әкеп соқты. Бұл жағдайға жахандық мәшхүрлерде назардан тыс қалдырмай қолдан келген көмек жасап Бүкіләлемді Австарлияға қолдау көрсетуге шақыруда.












