Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкенттен Астана мен Алматыға қосымша рейстер ашылады
10:45 / 2023-03-07

2023 жылдың 2 наурызында Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның авиациялық әкімшіліктері арасында келіссөздер өтті.

Өзбекстан көлік министрінің орынбасары Жасур Чориев пен Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған келіссөздер барысында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту және келісілген бағыттар бойынша тұрақты рейстер санын арттыру мәселелері талқыланды. 

Келіссөздер нәтижесінде тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту бойынша келесі келісімдерге қол жеткізді:

Астана – Ташкент – Астана және Алматы – Ташкент – Алматы бағыттары бойынша тұрақты рейстер санын арттыру;

Өзбекстан авиакомпанияларының тұрақты жолаушылар рейсі үшін Қазақстан аумағында қосымша 5 қаланы (Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкештау, Тараз) белгілеу;

Қазақстан әуе компанияларының тұрақты жолаушылар рейсі үшін Өзбекстан аумағында қосымша 6 қаланы (Қаршы, Ферғана, Бұхара, Әндіжан, Науаи, Термез) белгілеу.

Еске салар болсақ, бұған дейін қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясы Алматы мен Самарқанд арасындағы рейстерді қалпына келтіріп жатқанын жазған болатынбыз.