Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
FlyArystan әуе компаниясы Алматы мен Самарқанд арасындағы рейстерді қайта жолға қоюда

Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясы Алматы мен Самарқанд арасындағы рейстерді қалпына келтіруде.

Әуе компания мәліметінше, Алматы – Самарқанд – Алматы бағыты бойынша 2023 жылдың алғашқы жолаушылар рейсі 18 наурызға жоспарланған. Рейстер Airbus A320 ұшақтарында аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылуы көзделген.

FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы болып, Қазақстанның Air Astana әуе компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылады және техникалық қолдауды, қауіпсіздік, оқыту, жүйе мен қызметтерінде осы компанияның көмегіне жүгінеді.