Ташкент облысында карантиндік шаралар күшейтіледі
Ташкент облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында облыс басшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңес өтіп, онда карантиндік ережелердің сақталуын бақылауды күшейту туралы шешім қабылданған.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, адамдар көп жиналатын орталарда арақашықтықты сақтау, қорғаныш маскаларын тағу және антисептиктерді қолдану, әсіресе базарлар мен сауда орталықтарында, қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде бақылау шаралары жүргізілетін болады.