Ташкент қаласында жолаушылардан қоғамдық көлікті пайдалану кезіндегі карантиндік ережелерді бақылау тәртібі күшейтілді.
Қалалық көлік қызмет баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қоғамдық көліктерде COVID-19 вирусының және әртүрлі жұқпалы маусымдық инфекциялардың таралуын болдырмау мен жолаушылардың денсаулығын сақтау мақсатында «Тошшахартраншизмат» АҚ үнемі күшейтілген түрде бақылау шараларын жүргізеді.
- жүргізушілердің дене қызуы үнемі бақыланады;
- қоғамдық көлікті дезинфекциялау күшейтіледі;
- медициналық бетпердесі жоқ жолаушыларға қоғамдық көліктерде жүруіне тыйым салынады.
«Жолаушылардан қоғамдық көлікті пайдалану кезінде белгіленген карантиндік талаптар мен санитарлық нормаларды қатаң сақтау талап етіледі» делінген хабарламада.