Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев: Еуразиялық экономикалық одаққа ену мәселесінде халық қалауына жүгінеміз
12:37 / 2020-01-27

Жасыратын ештеңе жоқ біз бір жылдан беріге мұны зерттеп келеміз. Үйренудеміз


Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев жуырда ғана Парламентке кезекті Үндеуінде Еуразиялық экономикалық одақ мәселесіне тоқталып, өте өзекті екенін айтты.

-Қазіргі күнде Өзбекстанның сыртқа шығатын өнімдерінің 80 файызы Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей транзит жолдары арқылы өтеді. Дайын өнімдеріміз экспортының 50 пайызы, кейбірінің 80 пайызы дәл осы елдер үлесіне тура келеді екен. Бізге әрине әлем базарына шығу үшін экономикалық интеграция керек және тұтынушы қажет. Осы жағдайды ескере тұрып және Ресей мен Қазақстанға барып жұмыс жасайтын азаматтарымыздың жағдайын жақсарту мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ мәселесін үйренудеміз. Жасыратын ештеңе жоқ біз бір жылдан беріге мұны зерттеп келеміз. Үйренудеміз. Ең бастысы бұл өзекті мәселе жөнінде толық тоқтамға келуде ең әуелі халықтың қалауына жүгінеміз. Сол үшінде халықтың сенімді өкілі болған депутаттар мен сенаторлар осы өзекті мәселені жан-жақты үйреніп, өте үлкен жауапкершілікті сезінген хәлде нақты негізделген шешімдерін айтуы керек болады. Содан кейін барып Дүниежүзілік Сауда Ұйымымен диалогты жалғастырамыз және Еуропалық Одақпен серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасау бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Сонымен қатар басқада аймақтық экономикалық ұйымдарға қатысуды күшейтетін боламыз,-деді Шавкат Мирзияев.

Сондай-ақ Шавкат Мирзияев сенаторлар мен депутаттарға жасаған Үндеуінде, ел шекарасын 20 жыл жабық ұстаудың арқасында транзиттік бағыттарды қолдан шығарғаны жайлы айтып, алдағы уақытта осыны өз орнына әкелу үшін шетелдіктерге барлық жағдады жасауды тапсырды.