ӨзА Қазақ

24.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев: 20 жыл шекара жабық болғандығы арқасында транзиттік бағыттарды қолдан шығардық

Шавкат Мирзияев: 20 жыл шекара жабық болғандығы арқасында транзиттік бағыттарды қолдан шығардық

Ташкентте өтіп жатқан Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың Олий Мажлис Сенаты мен Заң шығару палатасына кезекті Үндеуінде көлік және логистика саласына да тоқталды.

«Отандық өнімді сыртқы және ішкі нарыққа шығару, өнімнің құнын төмендету үшін көлік-логистика саласын дамыту маңызды мәселе болып табылады. Бұл түрдегі жұмыстарды атқару теміржол саласында жолаушылар мен жүк тасу қызметі бір-бірінен мүлдем ерекшеленеді. Біздер шекараны 20 жыл жабық режимде ұстағанымыз себебіненде бізге тиесілі болған транзиттік бағыттар басқа мемлекет үлесіне өтіп кетті. Бірақ көптеген шетелдік сарапшыларды шақыру арқылы қазір Өзбекстан арқылы 7 млн тонна жүк өтуде. Мүмкіндігіміз 16 млн тонна жүкті транзиттеуге жетеді. Кешегі біз жабық режим кезінде қолдан берген бағыттарды қайтару үшін алдағы уақытта шетелдіктерге барлық қолайлықты жасауымыз керек»,-деді Шавкат Мирзияев.

11 050
ӨзА