Ravon Nexia R3 Қазақсатан нарығында ең көп сатылған автокөлік
"UzAuto" компаниясының дерегінше Ravon маркалы бұл темір тұлпар ел нарығындағы жетекші ТОП-5 брендтерінің тізімінде үшінші орынға жайғасқан
Қазақстан нарығында мамыр айындағы ТОП-10 автокөлік саудасында Ravon маркалы Nexia R3 автокөлігі ең көп сатылым жасалған темір тұлпарлар көшін бастап, бір айда осы модельдің 1007 данасы сатылған.
Сапаршылардың статистикасына сай Nexia R3 автокөлігі Қазақстан көлік нарығындағы 2019 жылмен салыстырғанда биыл 6 пайызға өскен (3536 көлік сатылған). Ал мамыр айындағы рейтингте Nexia R3- тен кейінгі орындарда Lada Granta (794 данасы) және Hyundai Tucson (707 данасы) көліктері ең көп сатылған екен.
"UzAuto" компаниясының дерегінше Ravon маркалы бұл темір тұлпар ел нарығындағы жетекші ТОП-5 брендтерінің тізімінде үшінші орынға жайғасқан.
