«UzAuto Motors» автокөліктер өндірісін Қазақстанда жолға қойды
Автокөліктер Chevrolet брендімен шығатын болады
Өзбекстан мен Орта Азия нарығындағы жетекшілік етуші «UzAuto Motors» автокөлік компаниясы Қазақстанның Қостанай қаласында автокөлік өндірісін жолға қойды.
«СарыаркаАвтоПром» ЖШС компаниясымен бірге басталған осынау жобада «UzAuto Motors» компаниясының автокөліктері Chevrolet брендімен шығатын болады. Атаулы зауыттың таныстырылымы өткен бүгінгі ашылу салтанатында Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-министрлері қашықтықтан тұрып бейнекамера арқылы корнвейерді іске қосты.

Атаулы зауытта Cobalt, Damas, Labo, Malibu және Қазақстандағы нарықта ең танымал Ravon «Nexia R3» автокөлігіде «Chevrolet» брендімен шығатын болады. Жоспраға сай алдағы уақытта автокөлік маркалары қатарын Tracker мен Trailblazer және басқа темір тұлпарлармен толықтыру көзделген.


Өндірістің алғашқы кезеңінде жылына 26 мың, келесі кезеңінде 100 мың автокөлік шығару көзделген.