French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нобель сыйлығының лауреаты: COVID-19 коронавирусы лабораторияда жасалған
09:53 / 2020-04-18

Бұған дейін алғашқы коронавирусты жұқтырған жан Ухань зертханаларының бірінде жұмыс істеп, содан кейін аймақ ауру ошағына айналды деген хабар тараған


2008 жылы Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) тапқаны үшін Нобель сыйлығын алған француздық вирусолог Люк Монтаньенің айтуынша, жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясы табиғи түрде пайда болған жоқ, ол Қытай зертханасында жасалды, деген теорияны алға тартты.

CNEWS-ке берген сұхбатында ол вирусты жабайы хайуандар таратты деген түсінікті әдемі аңыз, деп атап вирусолог оның мазмұнын былай түсінтірген: Қазірге бұл вирустың не үшін жасалғанын білмеймін бірақ ол Уханьдағы лабораторияда жасалғаны анық. Зертхана 2000 жылда осы салаға коронавирусқа мамандандырылған. Өйткені ол молекулярлық биологтардың жұмысы екені белгілі болды.Олар COVID-19 ға АИТВ-тың зиянды бөлшектері қосқан. Мүмкін мұны СПИД-ке қарсы вакцина жасау үшін шығарған болар мұны үнді зерттеушілеріде айтуға тырысты, дейді.

Бұған дейн Американың «Fox News» арнасы алғашқы коронавирусты жұқтырған адам Уханьның зертханаларының бірінде жұмыс істеп, содан кейін ол аймақ вирустың ошағына айналды деп хабар таратып, еді. Ал бұл жағдайға Қытай СІМ басшысы «Вирустың таралуы мен басқа да болжамдар туралы айтылған ақпаратта ешқандай ғылыми негіз дәлелдері жоқ» дей тұра, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жасанды түрде жасалу нұсқасын растамағанын қоса ескертіп ресми жауапқа вирусты жабайы хайуандар таратты деген қағиданы толық негіз деп білерін айтқан болатын. 

Вирустың пайда болуы мен оның күрт асқындауына АҚШ президенті Дональд Трамп та әдейі жасалған қадам деп бағалап, Қытай үкіметін оның негізгі зияны жайлы ақпаратты жасырғандықта айыптады. Содан кейін Қытайға халықаралық жаза тағайындау керектігін алға тартып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Қытайға қол ұшын бере індеттің асқындауына жол бергендікте кінәлі деп бағалап, ұйымды АҚШ үкіметі басқа қаржыландырмауы жайлы қаулы етті.