Латын графикасына негізделген жаңа өзбек алфавиті туралы заң жобасы жарияланды
«Латын графикасына негізделген өзбек алфавитін енгізу туралы заңға өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қоғамдық талқылауға жарияланды.
Жоба бойынша латын графикасына негізделген өзбек алфавиті 28 әріптен және 1 әріп тіркесінен тұратын болып, заң жобасын талқылау 31 наурызға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, үкімет 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ұйымдарда латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне көшу туралы шешім қабылдаған болатын. Сол негізде, орталық және жергілікті баспа және электронды БАҚ, интернет-сайттар, баспалар, полиграфиялық компаниялардың қызметі толық латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне көшіріледі.