2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстандағы барлық ұйымдар мен мекемелердегі іс қағаздарын жүргізу латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне көшеді.

2021 жылы 10 ақпанда Министрлер Кабинеті «Латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне кезеімен толық көшуді қамтамасыз ету шаралары туралы» №61-санды қаулы қабылдады.

Қаулыға сәйкес қабылданған «Жол картасында» мыналар орын алған:

  • латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне кезеңімен және толық көшуді қамтамасыз ету үшін нормативті-құқықтық құжат жобасы әзірленеді (мерзімі - 2021 ж. мамыр);
  • латын қарпіндегі өзбек алфавитінің жаңа басылымы негізінде «Өзбек тілінің орфографиялық ережелерін» бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленеді (мерзімі - 2021 ж. қазан);
  • нормативтік құқықтық актілердің жобаларын латын графикасына негізделген өзбек алфавитіндегі нұсқасын дайындау және енгізу тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық құжаттың жобасы әзірленеді (мерзімі – 2021ж. қараша);
  • нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау порталында (regulu.gov.uz) жобаларды мемлекеттiк тiл мен латын графикасы ережелерi негiзiнде өзбек алфавитiнде дайындалуын тексергеннен кейiн енгiзiледi (мерзiм – 2021ж. қараша);
  • өзбек тілі алфавиті мен емле ережелері негізінде транслитерацияға арналған ақпараттық бағдарламалық жасақтаманың бірыңғай талабы әзірленеді (мерзімі – 2022ж. қаңтар);
  • оқу орындарына арналған оқулықтар мен басқа да әдебиеттер латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне кезең-кезеңімен баспадан шығарылатын болады (жоспар бойынша);
  • мектеп жасына дейінгі балалардың өзбек алфавитінде және латын графикасына негізделген жаңа емле ережелерінде сауатын дамыту үшін әр түрлі көрме мен үлестірме материалдар дайындалады (мерзімі - 2022 ж. қыркүйек);
  • сөзбе-сөз кириллицадан латынға (немесе керісінше) аударылатын бағдарламалық жасақтаманы және олардың мобильді қосымшаларын дамытуға қолдау көрсетіледі (мерзімі - 2022 ж. желтоқсан);
  • интернеттегі Өзбекстан Республикасының ресми веб-сайттары толығымен латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне көшеді (мерзімі - 2022 ж. желтоқсан);
  • Өзбекстан азаматтарының жеке куәліктері, ID-карталар, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік азаматтардың тұруға арналған рұқсатнамасы жақсартылған латын графикасына негізделген өзбек алфавитінде болады (мерзімі - 2022 ж. қаңтар);
  • Өзбекстанда ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша дайындалған диссертация қорғауға байланысты процестер латын графикасына негізделген өзбек алфавитімен қамтамасыз етіледі (мерзімі - 2022 ж. желтоқсан);
  • іс қағаздары, әртүрлі банктердің жұмысы латын графикасына негізделген өзбек алфавитінде жұмысістеуі қамтамасыз етіледі (мерзімі - 2022 ж. желтоқсан);
  • республика аумағындағы орын, көше, терминдер, ұйымдардың атаулары, алғысөздер, бұқаралық ақпарат құралдары, жарнамалар мен хабарландырулар толық латын графикасына негізделген өзбек алфавитімен жазылады (мерзімі - 2022 ж. желтоқсан);

Үкіметтің қаулысына сәйкес  қабылданған «Жол картасы» және жұмыс тобының құрамы бекітілген болып, жұмыс тобын премьер-министр Абдулла Арипов басқарады.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2023 жылдан Өзбекстандағы мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне көшеді