Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда өтетін халықаралық жарыстар мен спорттық шаралар уақытша тоқтатылды
10:35 / 2020-03-09

Осыған дейін 16-25 сәуір күндері аралығында Ташкентте өтуі жоспарланған ауыр атлетикадан Азия чемпионаты беймәлім мерзімге қалдырылған болатын


Өткен жылдың желтоқсан айы соңында Қытайдың Ухань қаласындағы жануарлар ет базарында пайда болып қысқа уақыт ішінде жер бетінің бес құрлығына тараған коронавирустың кесірінен Өзбекстанда өтуі жоспраланған халықаралық жарыстар мен спорттық шаралар уақытша тоқтатылды.

Дене шынықтыру және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында осындай жағдай орын алуына байланысты кешірім сұрай тұрып, COVID-19 коронавирусының жер бетіне жаппай тарауына қатысты спортшылар мен ел азаматтарының қауіпсіздігін қамту мақсатында Өзбекстандағы спорт жарыстары тоқтатылып, шет елдегі жарыстарға қатысатын құрама мүшелері министірлікпен келісілуі арқылы жүзеге асыратын болады, деп жазылған. Сонымен қатар ел біріншіліктері мен ішкі турнирлер Денсаулық сақтау министрлігімен бірге ақылдаса келе өтетін болады.