Ауыр атлетикадан Ташкентте өтетін Азия чемпионаты қалдырылды
Алғашқыда Нұр-Сұлтан қаласында өтуі жоспарланған осынау жарыс коронавирустың тарауына байланысты Ташкентке көшірілген болатын
16-25 сәуір күндері аралығында Ташкентте өтуі жоспарланған ауыр атлетикадан Азия чемпионаты коронавирус себеп белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.
Алғашқыда Нұр-Сұлтан қаласында өтуі жоспарланған осынау жарыс коронавирустың тарауына байланысты 17 ақпанда Ташкентке көшірілген болатын. Алайда Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) бүгінгі күннің адамзат өміріне қауіп төндірген эпидемияның өршіне байланысы шұғыл түрде шешім қабылдап турнирді белгісіз мерзімге кейінге қалдырды. IWF хабарламасында атаулы жарысты басқа қалаға көшіру жайында ешқандай ақпарат айтылмаған.
Қазіргі уақытта Өзбекстанда бұл індетке байланысты сақтық шаралары күшейтілген болып Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Иран, Ауғанстан және Жапониямен әуе қатынасын уақытша тоқтатты.