Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Қытайдан кейін Кореяда өрши түскен
10:21 / 2020-03-02

Ал кореялықтар осыған байланысты ел президентін отставкаға кетуін талап етіп үкіметке петиция жіберген


Бүкіләлем бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны 88,4 мыңнан асты. Ал Қытайдан сырт елдер аумағында бір тәулікте 1,7 мыңға көбейіп жалпы 8410 жанға жеткен.

COVID-2019 коронавирустық инфекциясының Қытайдан кейін ең көп тараған аймағы Оңтүстік Корея. Онда түн ортасынан бері 476 кісінің ауру екені анықталып жалпы науқастар саны 4212-ге жеткен және төрт кісінің өлімі тіркелді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Кристиан Линдмейер өткен апта соңындағы мәлімдемесінде коронавирус жер бетіндегі барлық мемлекет аумағына тарауы мүмкін, деген еді. Сол себепті әлем елдері өз аумағындағы азаматтар қауіпсіздігін күшейту мақсатында шекараларын жауып әуе рейстерін тоқтатуда.

Ресми ақпаратқа сәйкес коронавирус дәл қазіргі уақытта Антарктидадан басқа барлық құрлыққа тараған. Азиядағы Қытай, Корея елдерінен кейін індеттің қайнар көзі Еуропа жерінде Италияда кең белең алған. Ондағы аурулар саны 1700-ге жуықтаған.

Бір тәуліктің ішінде Қытайдан сырт елдер аумағында вирус құрбандар саны 130 жанды құрап, Иранда 54 адам, Италия - 34, Оң.Корея - 20, Жапония - 12, Гонконг, Франция, АҚШ – 2 кісіден, Ұлыбританияда, Эквадорда, Тайваньда және Филиппинде бір адам қазасы тіркелген.

Өз елі азаматтарының қауіпсіздігін алғашқы орынға қойған Қырғызыстан тіпіт Токио-2020 олимпиадасына күрестен Азия іріктеу турнирін өткізуден де бас тартқан.