Қырғызстан үкіметінің мұндай шешімге келуіне себеп  COVID-19 коронавирустың ел аумағына келіп жетуінен сақтану мақсатында осы қадамға барған

Қырғызстан 27-29 наурыз аралығында Бішкек қаласында өткізуді жоспарланған спорттың күрес түрінен Токио олимпиадасына Азия іріктеу турнирінен бас тартты. (Әсілі Қытайда өтуі жоспраланып кейіннен қалдырылған еді)

Қырғызстан үкіметінің мұндай шешімге келуіне себеп әлемде тарап жатқан COVID-19 коронавирустың ел аумағына келіп жетуінен сақтану мақсатында осы жарысты өз жерінде өткізуден бас тартты. Осы хабар жайлы Дүниежүзілік күрес федерациясы барлық мүше мемлекет қауымдастықтарына ескерту хат жіберген.

Қазіргі уақытта Азия іріктеу турнирі қашан және қай елде өтуі әзірге белгісіз. Бұл мәселе жөнінде Дүниежүзілік күрес федерациясы хатшысы Мишель Дюссон: келесі аптада біз бұл мәселені Халықаралық Олимпиада комитетімен талқылайтын боламыз. Сол кезде мәселенің ақ-қарасы шешіледі, деген.

Қытайдан бастау алған коронавирустың жер бетіне тарауы бір-екі ай ішінде осы деңгейден төмендемейтін болса 2020 жылға өтуі жоспраланған маңызды спорт шараларының өтпей қалуы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде Еуропа жасыл алаңдарында футбол кездесулері қалдырылып, қауіпсіздікті сақтау мақсатында тіпті спорт клуб мүшелері бір-бірімен қол алыспауға дейін баруда.

Токио-2020 олимпиадасына Азиядан жолдамалы жарыстары бокс және таэквондо турнирі Қытайдан Иоранияға кшірілген болса, ауыр атлетика бойынша жодамалы жарыс Қазақстаннан Өзбекстанға көшірілген

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қырғызстан Токио-2020 олимпиадасына күрестен жолдамалы жарысты өткізуден бас тартты