Хиуа-2020 түркі әлемі мәдени астанасының логотипі бекітілді
Өткен жылы мұндай мәртебеге Қырғызыстанның Ош қаласы ие болған еді
Жыл сайын түркітілдес елдер арасында маңызы бар қаланы мәдени астана етіп жариялау дәстүрге айналып, тамыры бір бауырлас халықтар өз мәдениетімен өнерін дәріптеуді әдетке айналдырған.
Міне биыл осы түркілер мәдени астанасы болып жарияланған Хиуа қаласының арнайы логотипі бекітіліп, ендігі мерейтойлық шараларда бастау алатын болды. Хиуа қаласына осынау мәртебені беру жайлы ұсыныс 2018 жыл Қырғызыстанда өткен Түркітілдес елдер кеңесінің кезекті отырысында айтылған еді. Өткен жылы мұндай мәртебеге Қырғызыстанның Ош қаласы ие болған.