Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Көрші елдер ЖОО-дағы оқуды көшіру мерзімі 15 наурызға дейін ұзартылды
16:54 / 2020-02-11

Оқуды көшіру процесінде ешқандай емтихандар алынбайды


Өзбекстанның көрші елдердегі (Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан) ЖОО-да оқитын азаматтары өз оқуын Өзбекстандағы білім ордаларына көшіру мерзімі 15 ақпаннан 15 наурызға дейін ұзартылды.

Оқуды көшіру процесінде ешқандай емтихандар алынбайды, алайда бұл келісім-шарт арқылы яғни ақылы түрде жүзеге асырылады. Азаматтарға қолайлылық жасау мақсатында ұзартылған мерзім кезінде республиканың барлық аймақтарының бір жоғары оқу орнында аймақтық жұмыс топтары құрылды, -деп жазады агенттік хабарламасында.

Азаматтардан оқу бағдарламасын көшіруде сұралатын талаптар: Өтініш(сол ортада толтырылады), рейтинг кітабшасы немесе академиялық анықтама (транскрипт) көшірмесі мен паспорт көшірмесі сұралады.