ӨзА Қазақ

07.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан азаматтары көрші елдер ЖОО-дағы оқуын Өзбекстанға көшіруі мүмкін

Өзбекстан азаматтары көрші елдер ЖОО-дағы оқуын Өзбекстанға көшіруі мүмкін

Өзбекстанның Жоғары және орта білім министрлігі, көрші елдер аумағындағы білім ордаларында тәлім алып жүрген Өзбекстан азаматтарын ешқандай емтихандарсыз өз оқуын Өзбекстанның ЖОО-на көшіруіне рұқсат етеді.

-Азаматтың тұрақты мекені (ЖОО-ның сиымдылығына байланысты немесе осы аймақтағы ЖОО-да тиісті сала бойынша бакалавр дәрежесі болмаған жағдайда, басқа облыстағы жоғары оқу орындарына ұсынылуы мүмкін);

-Студенттің оқып жатқан бакалавр білім бағытының оқуды көшірмек болған оқу ордасының бакалавр біліміне сай екендігі(мұндай оқу болмаған жағдайда, ұқсастығы)

-Шетелде оқып жүрген бакалавриатта оқытудың ерекшеліктерін ескере отырып, оларға негізінен сырттай немесе кешкі оқу түрлерін ұсыну

-ЖОО-ның барлық мүмкіндіктері (материалдық-техникалық база, ауысым коэффициенттері, профессорлар мен оқытушылар мен қамтылған деңгейі және т.б.) ескеріледі.

Азаматтардан оқу бағдарламасын көшіруде өтініш, рейтинг кітабшасы немесе академиялық анықтама (транскрипт) көшірмесі мен паспорт көшірмесі сұралады.

Студенттерді шетелдік жоғары оқу орындарынан республиканың жоғары оқу орындарына ауыстыру ақылы келісім-шарт негізінде жүзеге асырылатын болып, оқу бағдарламасын Өзбекстанға көшіру процесіне рұқсат бүгіннен яғни 7-ші датадан 15 ақпанға дейін жалғасады. Өтініш қабылдау таңғы 9:00 ден 17:00 дейін. 


13 989
ӨзА