Импичмент процесі аяқталды, Трамп президенттік қызметін жалғастырады
АҚШ тарихында 37 президент дәл осындай процесте өз еркімен отставкаға кеткен
Америкалық сенаторлар АҚШ президенті Дональд Трампқа тағылған импичмент айналасындағы барлық айыптаулар бойынша оны кінәсіз деп тапты.
2019 жылдың қыркүйек айында Конгресстің «Өкілдер» палатасы тарапынан Трампқа қарсы басталған импичмент процесі, оның Украина президенті Зеленскиймен болған сұхбатынан бастау алған еді. Мақсат Трампты тақтан тайдыру болатын. Ондағы тағылған айып Ақ үй басшысы «өз мансабын асыра пайдалану мен конгресс жұмысына кедергі келтіру». Алайда сенаторлар бұл айыптауларды жоққа шығарып президентті өз лауазымында қалуын қолдап шешім шығарды. Бірінші тағылған кінә бойынша ақталуы үшін 52 сенатор қолдау көрсеткен, қарсылар 48. Екінші айып бойынша - конгресстің жұмысына кедергі келтірген дегенге - 47 сенатор Трампты кінәлі деп таныды, 53 сенатор импичментке қарсы дауыс берді.
Президентті өз қызметінен босату үшін оған сенаторлардың үштен екісі кінәлі деген баптың бірін қолдап дауыс беруі керек еді, алайда олар мұндай екеніне сенбеген. Сонымен АҚШ тарихындағы үшінші импичмент процесі сәтсіз аяқталып Дональд Трамп президенттік қызметін жалғастыратын болды.
АҚШ президенттері тарихында импичмент процесі осы мен үшінші рет орын алуда. Бірақ олардың үшеуіде кінәсіз деп табылған. Бір ғана жағдай 1973 жылдағы 37 президент Ричард Никсонға қарсы импичмент жарияланған кезде, ол өз еркімен отставкаға кеткен.
4 ақпанда Трамп АҚШ халқына өзінің кезектегі жолдауы кезінде, өзіне қарсы импичмент процесін ұйымдастырған өкілдер палатасы төрайымы Нэнси Пелосидің қолын алмай оны Конгресс алдында ынғайсыз жағдайға қалдырып еді.