Нэнси Пелоси Конгресте сөйлеген Трамптың мәтіндік қағазын жыртып тастады
Ақ үй, президенттің жолдауы кезінде жасаған мына әрекеті үшін Нэнси Пелосиді құрметсіздік көрсетті деп айыптауда
4 ақпан күн Дональд Трам Конгресте АҚШ халқына өзінің кезектегі дәстүрлі үндеуін жасады. Бұл кезгі үндеудің басқа жолдауларынан басты ерекшелігі сондаки, президент Трамп өз сөзінің мәтіндік көшірмелерін вице-президент Майк Пенс пен Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосиге беріп жатып, спикер Пэлосидің ұсынған қолын алмай мінберге қайта келіп сөзін жалғап кетті.
Трамп мінбердегі өз сөзінің соңын АҚШ-тың кемел болашағын іспеттейтін қанатты сөзбен аяқтарда Конгреске жиналғандар бірден оны қол соға қошеметтеп қолдады. Дәл осы кезде артқы планда Нэнси Пелоси оның сөздік мәтіні жазылған қағазды жыртып тастады. Спикердің бұл әрекеті Трапм оның қолын алмағанға жасаған жауабы болса керек. Бірақ бұл жағдай қазірде әлемдік басылым беттерінде өте қызу талқыға түсіп жатыр. Ал оны спикер Пелоси ханымның өзі «жәй ғана сыпайылық» деп іспеттеген. Алайда Ақ үй президент жолдауы кезінде жасаған мына әрекеті үшін Нэнси Пелосиді құрметсіздік көрсетті деп айыптаған.
Ақ үй басшысы өз сөзін аяқтап Конгрестен шығарда жол бойы жиналғандар қолын алып, олардың қысқа сөзіне құлақ түрді.